Ілияс Есенберлин
Орындаған: Қошаева Гүлмира
Ілияс Есенберлин (10.01. 1915 жылы туған, қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласында туған) - қазақ жазушысы. 1940 жылы Қазақ таукен институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1942-47 жылдары Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы. 1947-67 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры.
Ілияс Есенбелиннің алғашқы шығармалары
Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы, «Қазақфильм» киностудиясында сценарий редколлегиясының мүшесі, 1967-71 жылдары «Жазушы» баспасының директоры, 1971 хылдан Қазақстан Жазушылар одағының екінші секретары. Соғыстан кейінгі жылдарда филармонияны, «Жазушы» баспасын басқарады, т. б. жұмыстар атқарады. Жазушы Алматыда дүние салды. Қазақ әдебиетінде І. Есенберлин - жазған романдарының саны ең көп аса көрнекті жазушылардың бірі.
І.Есенберлин алғашқы шығармалары 1940 жылы басылды. Алғаш 1945 ж. Сұлтан, Айша дастандары жарық көрді. Есенберлиннің Айқас (1966), Қаһар (1969), Алмас қылыш (1971), Маңғыстау майданы, Аманат (1978) романдары, Алтын Орда трилогиясы (1982, 1983) жарияланды. 1986 ж. Көшпенділер трилогиясы үш «Ғашықтар» (1968), «Алтын құс» (1971), «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974), т. б. романдарымен оқырман назарын өзіне аударды.


Ілияс Есенберлин – қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ халқы тарихының төрінен алатын дара тұлға. Олай деуіміздің бірнеше себептері бар. Қазақ хандығының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күресі тақырыбына қалам тартты. Қалам тартып қана қойған жоқ, өзінің эпикалық құлашы, халық өмірінің сан алуан қырын кең қамтуы, қазақ тарихының кемеңгер көсемдерінің қайталаңбас бейнесін сомдауы жағынан өзге туындылардан оқ бойы алда тұрған талантты шығармасы - «Көшпенділер» тарихи трилогиясын дүниеге әкелді. Бүгінде дүниежүзінің көптеген халықтарының тіліне аудрылып, әлденеше рет басылған жазушының осы еңбегін хандық дәуірдегі қазақ өмірінің энциклопедиясы десек артық айтқандық бола қоймас».
Нұрсұлтан Назарбаев
ҚР-ның экс-президенті
Ілияс Есенберлин жайлы дерек
  1. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» еңбегі ХІХ ғасырдың қазақ қоғамының өмірін бейнелейді, ал моңғол дәуіріне дейін Ұлы Дала көшпенділері, Шыңғысхан мен Алтын Орда дәуірі, XV – XVI ғасырдағы Қазақ хандығының құрылуы, оның көптеген жылдар бойы жоңғарлармен шайқастары, қазақ даласының Ресейге қосылған заманы туралы мәлімет болмаған. Жазушының өзі «Көшпенділер» трилогиясы туралы былай жазған: «Мен «Көшпенділер» трилогиясын 1945 жылы ниет еткенмін. 1960 жылы осы үш романның жұмысына кірістім. Сондай ұзақ әзірлеудің себебі оңай: тарихи материал шыдамдылықпен автордың мұқияттылығын талап етеді».
  2. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Көшпенділер» трилогиясы туралы: «Ілияс Есенберлин шығармашылығында бас орынды көрініс динамизмге, қазақ тарихының аса көрнекті қайраткерлерінің қайталанбас бейнелеріне мол, нақты және айқын тілді «Көшпенділер» трилогиясы алады»,-деп айтқан.
  3. Ілияс Есенберлин болашақ жарын алғашқы рет опера театрында көрген. 1943 жылдың қысында Ұлы Отан соғысы кезде әйгілі балерина Галина Уланованы Алматыға көшірді. Театрда соның қатысуыменен жаңа қойылымдар болған. Ілияс Диляраны театрдың гардеробында көріп, киімін киюге көмектескен.
  4. Опера театрының қасында мемлекет берген Ілиястың пәтері болған. Бірақ Ілияс мемлекет берген пәтерін әріптесіне сыйға берген. Ілиястың әйелі Орталық компартияның секретарі, әділет министрі Хамза Жүсіпбекұлының қызы Диляра болған. Ілиястың қайын атасы Сәкен Сейфуллинмен бір ауылдың тумасы, одан әрі – Сәкенмен бір үйде өмір сүрген. Танысқан кезенде Диляра бірден әкесі жазаланғаны туралы айтты. Алайда оған қарамастан, олар үйленген.
  5. Ұлы Отан соғысының аяғында Ілияс Есенберлин енесін (жазаланған наркомның жесірі) Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагерінен алып келді. Бір жылдан кейін Ілиясты Орталық компартиядан алып тастап, жала жауып, түрмеге салған. «Әкемді Түрікменстандағы Қарақұм каналын соғуға жіберді. Ол жерде жазаланғандардың өмірі бір жылдан көпке созылмайтын. Әкем үш ай жұмыс істеген соң, басшысы оның зарядпен айналысқанын көрген соң каптеркіге жіберді. Әкем оқуды таукен инженеріне оқыған ғой, сол оның өмірін құтқарды» - деді Қозыкөрпеш Есенберлин. 1953 жылы Ілияс азат етілді. Ол үйіне бармай тікелей Дінмұхаммед Қонаевқа барған. Сол кісі оған ақша беріп: «Мәскеуге бар, сол жақта партияға қайтадан кір» деді. Сол уақытта Мәскеуге бармай партияға оралу көптеген жылдарға созылуы мүмкін еді.
    Шығармалары

    Ӏлияс Есенберлиннің алғашқы шығармалары 1940 жылы басылды. Ол көркем әдебиеттің көп жанрында (поэзия, проза, драматургия, кинодраматургия) жазды. Әдеби творчествосын поэзиядан бастады. 1945 жылы «Айша», «Сүлтан» поэмаларын жазды. «Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағын (1949) шығарды. Жалынды революционер, большевик Ә. Майкөтовке арналған «Большевик туралы поэмасын» (1957), «Біржан сал трагедиясы» дастанын (1959) жазды. «Өзен жағасында» (1960), «Толқиды Есіл» (1965) повестері, «Айқас» (1966), «Қатерлі өткел» (1967), «Ғашықтар» (1968), «Қаһар» (1969), «Алмас қылыш» (1971). «Алтын қүс» (1972). «Жанталас» (1973), тың туралы «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974) романдары қазақ әдебиетіне (прозаға) косылған елеулі үлес болды. Кеңес өкіметі жылдарында туып қалыптасқан қазақ интеллигенциясының өмірін, олардың қазақ даласында социалистік өнеркәсіп орнату жолындағы қажырлы еңбегін, ескіліктің адам санасындағы қалдығына қарсы күресті баяндайтын «Айқас» романына 1968 жылы Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Ал тарихи тақырыпқа жазылған «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» трилогиясы қазақ халқының басынан өткен ауыр кезеңдерді суреттеген шығарма ретінде танылды. Ӏлияс Есенберлиннің орыс тілінде шыққан «Песня о человеке» (1956) романы 1958 жылы қытай тіліне аударылады. «Таудағы тартыс» (1962) пьесасы Алматыдағы Балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды. М. Ерзинкянмен бірігіп жазған «Қүйма» (1961) киносценарийі бойынша жасалған фильм бүкіл кеңес жөне венгр, поляк, болгар экрандарына шықты.


    1969 жылы қазақтың соңғы ханы Кенесары хан туралы жазылған бірінші «Қаһар» романы жарық көрген. Екі жылдан кейін «Алмас Қылыш», тағы да үш жылдан кейін – үшінші романы «Жанталас». Үшеуіде әйгілі «Көшпенділер» трилогиясын құраған. Оны орыс тіліне аударған Морис Симашко 1986 жылы ҚазССР мемлекеттік сыйлығына ие болған. Трилогия 1980 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ізденген, алайда Қазақстан Жазушылар одағы әріптестері Комитетке жасырын тасталған хат жазып, Комитет қызметкерлері кітапты сөз бұйдаға салды.
    Бір топ ақын-жазушылар ортасында отырған Ілияс Есенберлин
    Кері байланыс:
    +77071735722
    kochaeva2000@.icloud.com
    Жетісай, Қазақста
    This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
    Create a website