Тарих толқынындағы
ХХ ғасыр депортациясы
Орындаған: Арайлым Әріпбай
Социалистік заманда Кеңес Одағын мекендеген халықтардың қай-қайсысы болсын сталиндік зорлық-зомбылықтан, геноцид пен этноцидтен, саяси қуғын-сүргіннен аман қалған жоқ.
Кеңес өкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір халықтар — сенімсіз де сатқын ұлттар қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды

Бұл ауқымды тарихи жайт ХХ ғасырдың 50-ші жылдардың басына қарай 6 миллионға жуық адамды қамтыды.Бұл шара КСРО-ның 15 халқын және түрлі ұлттарға жататын 60-тан астам халық топтарын қамтыды. Қоныстанушылар іс жүзінде Қазақстанның барлық облыстарына орналастырылып, қатаң бақылауға алынды.
50-ші жылдардың ортасына қарай жер аударылған халықтарға қатысты мемлекеттің саясаты өзгере бастады. Алдымен оның жеңілдетілуі мен либерализациялануы байқалды, одан соң оның құқыққа қарсы беделіңді түсіретін жекелеген көріністерінен бас тартылды.

Осындай қиын қыстау кезеңдерді өз көзімен көрген апам Жақсыгүл қазір 80жаста.
-Ол кезде мен әлі баламын.Алайда сол кездегі көріністер әлі күнге көз алдымда. Ауылымызға түріктер мен шешендер жаппай орналастырыла бастады. Олар адам төзгісіз жағдайда мал таситын вагондармен жеткізілген.Көбісі қиындыққа шыдамай, пойыз ішінде көз жұмған. Киімдері де алба жұлба.Қара суық түскен күз мезгілі.Әбден ашшыққан халық орналасатын үй де, ішерге ас та жоқ. Ауыл тұрғындары тамақ пісіріп тарататын. Дүниенің түкпір-түкпірінен жер аударылғандарға қазақ елі жатырқамай, достық құшағын ашты, олардан көмегін аямады,-деп еске алады.

Жақсыгүл апа
Бүгінде күштеп қоныс аударылған халықтардың ұрпақтары әлемнің түкпір-түкпіріне тарап кетсе де, қазақ халқына деген алғыстарын ұмытпайды.
Бұл тақырып әлі де тереңдете зерттеуді қажет етері даусыз. Дегенмен, жаңа Қазақстанның, тәуелсіз еліміздің тең құқықты азаматтарының қатарында болған осы жер аударылған халықтар еліміздің әр саладағы дамуына өзіндік үлестерін қосып келеді.

Кері байланыс
+7 771 895 0007
Алматы, Қазақстан
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website